Фото: Robert Park
Ақтөбе тұрғыны әкесінің айлығын құмар ойынға салып, өз-өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, полиция бөліміне өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған.
Ол мұндай қадамға ертесіне туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын құмар ойынға салып, ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындар кесірінен 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған" - делінген хабарламада.
Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін жас жігіттің бұл әдеті ставка қоюға ұласқан.