20 қыр, 2023 сағат 10:13

"Air Astana" ұшақтары Таулы Қарабақ маңын айналып өтеді

© Photo: "Air Astana" баспасөз қызметі

"Air Astana" әуекомпаниясы Әзербайжанның Қарабақта бастаған операциясына қатысты үндеу жариялады.

Әуетасымалдаушылар Air Astana және Fly Arystan Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны айналып ұша бастады.

"Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты «Air Astana» компаниялары тобының Түркияға, Еуропаға және Израильге рейстері сол аумақты айналып өтумен жүзеге асырылады. Әуе компаниясы жағдайды жіті қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан Қарабақта конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларды бастады.

Ал Ереван орталығында Қарабақтағы жағдайға байланысты антиүкіметтік митинг басталды.