05 қаң, 2018 сағат 22:13

Air Astana деструктивті діни ағымдағы алты жолаушыны ұшаққа мінгізбей қойған

Air AstanaАлматы-Мәскеу бағытындағы ұшаққа деструктивті діни ағымдағы алты жолаушыны мінгізбей қойған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.      

Оқиға 4 қаңтар күні болған. "Алматы — Мәскеу рейсінен деструктивті діни ағымдағы алты жолаушы түсірілді. Ұшақ 38 минут кешікті", — деді баспасөз қызметіндегілер.  

Компания егер мұндай жағдай қайталанса, теріс қылық танытқан азаматтарға қатысты ескерту хат жазылады, содан кейін олар жолаушылардың қара тізіміне енгізілуі мүмкін.  

Оқиға әуежайдың ғимаратында болған, яғни жолаушылар ұшаққа мініп үлгермеген.