22 қар, 2021 сағат 15:05

Аида Балаева Жапония Елшісімен кездесті


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Ямадамен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Өз кезегінде, Елші Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара тиімді қатынастарды нығайту туралы ниеттерін білдірді.