07 жел, 2021 сағат 18:10

Аида Балаева Өзбекстанның кинематография агенттігі басшысымен кездесті


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасы кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министр телевизиялық сериалдар, деректі фильмдер өндірісін қамтамасыз ету және продакшн-индустрияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Өз тарапынан Фирдавс Абдухаликов Министрді Өзбекстандағы кинематография саласының жай-күйі, перспективаларымен таныстырды. 


Тараптар екі елдің телеарналарында көрсету үшін кино өнімдермен алмасу, бірлескен телевизиялық жобалар құру мәселелерін талқылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің кинематография және теледидар өнімдері саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниет білдірді.