Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині бағасын ұстап тұру үшін қандай жұмыстар істеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ОКҚ-да өткен брифингте журналистер министрден Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензині неге арзандамай жатқанын сұрады.
"АИ-92 бензині бойынша, керісінше, бағаны сақтап қалдық. Қазіргі басты міндет - осы баға деңгейін ұстап тұру. Кейбір өңірлерге бағаны 187 теңге деп белгілеуге тура келді. Неге екенін түсіндірейін. Мысалы, ШҚО. Мұнай өңдеу зауыттарынан барынша қашықта орналасқан шалғай өңірлер бар, жанар-жағармайды, оның ішінде бензинді тек автотасымалдаушылар жеткізетін өңірлер де бар. Яғни, ол жақтарда теміржолдар жоқ. Біз мұндай жекелеген өңірлерде шығынсыз жеткізуге мүмкіндік беру үшін қосымша баға 187 теңге деңгейіне дейін көтеріледі деп келістік. Сонымен, 92-бензин құнын төмендету міндеті қазір қажет емес. Оны сақтау мәселесі тұр", - деп түсіндірді Ақшолақов.
Оған қоса, министрдің айтуынша, егер бағаны қазір төмендететін болса, "бұл жанармайдың бұл түрінің одан да көп шығынына әкеледі, сонда шынымен де тапшылық болады".