© instagram/kris_p_tdk
Ағылшын тілінде сөйлеген Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазнетте қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бозымбаев Еңбекшіқазақ ауданындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша демонстрациялық платформаның ашылуында ағылшын тілінде сөйлеген. Орталықтың ашылуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері келген.
Алматы облысы әкімінің ағылшын тілінде сөйлеуіне шетел мамандары мен Қазнет тәнті болған. kris_p_tdk Instagram-парақшасында қолданушылар әкімнің шет тілде таза сөйлегенін атап өткен.
Сонымен қатар, қолданушылардың бірі әкім дайын мәтінді оқып тұрғанын айтса, енді бірі әкімге мақтау сөздерін айтқан.
"Жарайсыз", "Қазақша қайда?", "Дайын мәтін ғой", - деп жазды қолданушылар.
Айта кетейік, Қанат Бозымбаев 2021 жылдың қарашасында Алматы облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
661 рет оқылды