27 қаң, 2017 сағат 13:03

"Ағайынды төртеу" лидері Ізбасардың өзін-өзі ұрып-соққаны видеоға түсірілді - ҰҚК

ҰҚК өкілдері Ақтөбеде мұнай жымқырды деген күдікпен ұсталған "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының лидері делінген Еркін Ізбасардың ауруханаға не себепті түскенін айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

2016 жылдың 13 желтоқсанында Еркін Ізбасарға дене жарақатының салыну және билік өкілдерінің заңды талаптарына мойынсұнбау деректері бойынша соталды тергеудің материалдары тіркелді. Тергеу кезінде Ержан Ізбасардың өз бетіне өзі жұдырықпен соққы жасап, темір төсектің бұрышына басымен ұрынғаны анықталды, бұл видеожазба арқылы дәлелденіп отыр", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері ресми сауалға берген жауабында.

Алайда Еркін Ізбасардың тергеу изоляторына қайтарылу-қайтарылмауы белгісіз қалып отыр. Бұл комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысында анықталады.

Өткен жылдың 30 желтоқсанында Ізбасардың адвокаты Серік Сәрсенов қорғауындағы азаматтың тергеу изоляторынан ауруханаға ауыстырылғанын хабарлаған.