11 ақп, 2022 сағат 14:56

Абзал Құспан: Қаңтар оқиғасына қатысты азаматтардың ұсталуына саяси баға беру дұрыс емес


Қаңтар оқиғасында ұсталған азаматтардың арасында жазықсыздар әлі де бар. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір комиссия жұмысы жалғасып жатыр. Бізге билік тарапынан жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Сондықтан саяси сұрақтарға саяси баға беру дұрыс емес деп есептеймін. Себебі біздің алдымызда әлі де қызметімізге мұқтаж жандар бар. Сол себепті меніңше, дәл қазір саяси баға беруді дұрыс емес. Одан да нақты отырған азаматтарға көмек қолын созып, оларға көмектескен дұрыс деп есептеймін», - деді Абзал Құспан брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Осы ретте комиссия мүшесі Мәди Мырзағараев баласы, күйеуі, әкесі қамауда отырған жандар қоғамның, адвокаттардың көмегіне зәру екеніндігін баса айтты.

«Сондықтан бұл жерде «кім кінәлі?», «кімнің қатесі?», «қателікті кім жіберді?» деп дауласып отырғаннан гөрі оларға көмек көрсеткен әлдеқайда пайдалы. Дау-дамайға тарих жауап береді. Оған ертең саяси баға беріледі, халық баға береді. Оның мәселесі шешіледі. Алайда қазір кезек күттірмейтін мәселе – қамауда отырған, жазықсыз кетіп қалмасын деген жастарға көмек көрсету», - деді ол.