22 там, 2022 сағат 17:24

Әбілқайыр Сқақов орынбасарының отставкасын қабылдамады


Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өзінің орынбасары Айзада Құрманованың қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін берген отставкасын қабылдамады. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысының орынбасары білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс сияқты әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді.

Айта кетейік, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім күшіне енгеннен кейін, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес облыс әкімінің орынбасары қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға өтініш берген.