09 мау, 2023 сағат 19:21

Абай облысындағы өрт: орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілген

© Photo: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестірілуде, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі Төтенше жағдайлар министрі Ахуалдық орталығының базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізді.

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр генерал-майор Марат Күлдіковтің баяндамалары тыңдалды.

"9 маусымда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамның 662 адамы және 177 техникасы, 6 тікұшағы жұмылдырылған.

Авиациялық техникамен 80 рет 192 тонна көлемінде су шашылды. Қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Оларды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Астана қаласы және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменттерінен 133 адам және 48 техника, сондай-ақ қосымша 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданды" - делінген хабарламада.