Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы өрттің оқшауланғаны жарияланды.
"Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негізгі күш-жігерді жергілікті жану ошақтарын сөндіруге және жаңаларының пайда болуына жол бермеу мақсатында шоғырландыру үшін күш-құралдарды қайта топтастыру жүргізілді.
Сонымен қатар, өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу және өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады" - делінген хабарламада.