© Photo: Абай облысы төтенше жағдайлар департаменті
Абай облысы Ақсуат ауданындағы асфальт зауытында битум өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 шілдеде «101» пультіне Ақсуат ауданының Шыбынды ауылындағы асфальт зауытында битум жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына келгеннен кейін өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы көлемі - 10 тонна.
Қызыл жалынды көбікпен сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер оны жарты сағаттың ішінде өшірді" - делінген хабарламада.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.