Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ІІМ Telegram-арнасының мәліметінше, контрафактілік алкогольді Семейдің 57 жастағы тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған.
Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден аса алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 миллион теңгеден асады. Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілген.
"Бұл факт Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді", - деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.