14 мау, 2023 сағат 20:45

Абай облысында өртті сөндіруге 60-тан астам авиатор жұмылдырылды

сурет ашық дереккөзден алынды

Абай облысында өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Авиаторлардың жұмысы таңғы сағат 4-те басталып, 23:00-ге дейін, кейде одан кеш аяқталады.

"Су төгетін құрылғылар 10-15 секунд ішінде 5 тоннаға дейін су алып, 6 секунд ішінде өрт ошақтарына төгеді. 

Тікұшақтың ұшуының негізгі кезеңдері: ұшу; резервуарды толықтыру үшін айдынға ұшып барып, су толтырып алу; өрт орнына бару; өрт ошағына су төгу" - делінген хабарламада.