hotwalls.ru
Абай облысында GTA стиліндегі қуғын бейнежазбаға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтының Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Өткен түнде полицейлер көзге түскен ВАЗ жүргізушісінен тоқтауды талап еткен. Алайда жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқандықтан, оның артынан қуу басталған. Автөкөлік қозғалысын 20 минут бойы жалғастыра берген.
"Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды. Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған.
Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол үшін ата-анасы жауапкершіліктен босатылмайды" - делінген хабарламада.