17 қаң, 2023 сағат 17:36

Абай облысында әуежай маңынан табыт табылды

Фото: Polisia.kz

Абай облысында әуежай маңынан табыт табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Табытта адамның мәйіті болмаған.

"Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табытты әуежайдың маңында қалдырып кеткен", - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл факт бойынша марқұмның 32 жастағы туысына қатысты қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылмақ.

Аталған баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.