Фото: instagram.com/abai_department_police
Абай облысында пышақ жарақатынан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасы аумағынан пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде көз жұмған.
Тексеру барысында қайғылы оқиғаға жасөспірімдер арасындағы жанжал себеп болғаны анықталды.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың қатысушылары анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жариялауға жатпайды" - делінген ПД хабарламасында.