Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрлігінің басшысы лауазымына тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство басшысы "өз қызметіне қатысты баға беру қиын" екенін айтты.
"Президент шешім қабылдады. Менің ойымша, басшылық қасиеттер әсер еткен шығар. Барлық салада бірдей емеспін. Сондықтан да пайдалы шығармын", - деп түсіндірді Абаев.
Сонымен қатар, Дәурен Абаев бұған дейінгі мәдениет және спорт министрлерінің әрқайсысы осы саланың дамуына "елеулі үлес қосқанын" айтты.
"Ақтоты Рахметоллақызының ғана емес, бұрынғы министрлердің де бұл салада үлкен жұмысы бар. Олардың әрқайсысы өз уақытында мәдениет, спорт және туризмді дамытуға елеулі үлес қосты. Әрине, барлық проблеманы бірден шешу мүмкін емес. Проблемалар әлі де бар, бірақ көп нәрсе жасалды. Біз үнемі проблемалар туралы айтып жүрміз, бірақ Нұр-Сұлтан мәдени жағынан қалай өскенін елестетіп көріңіз. Қуанышбаев театрына қарасаңыз, қандай заманауи, "Астана Опера", хореография академиясы. Кейінгі он жыл ішінде Нұр-Сұлтанда салынған ғимараттардың әлемде баламасы жоқ. Бірлі-жарым салынып жатыр, бірақ, менің ойымша, бір мезетте салынғаны үшін келер ұрпақ тек алғыс айтады", - деп толықтырды мәдениет және спорт министрі.
Бұған дейін Дәурен Абаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстанның мәдениет және спорт министрі болып жұмыс істейді.
811 рет оқылды