ҚМА Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
"Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңге болатын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды, оларды жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.
Мамандар қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині саналады", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорт жасау жоспарланған.
"Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.