Фото: Новости из Кремля-telegram
Мәскеу маңындағы Красногорск қаласында 9 жастағы бала жерден ақша салынған түйіншекті көтеріп алған кезде, түйіншек жарылып кеткен. Бұл туралы Baza Telegram арнасы хабарлады.
Оқиға сейсенбі күні кешке Пионерская көшесінде, бала жаттығудан қайтып келе жатқан сәтте болған.
«Бала балалар алаңының қасында жатқан ақшаны көріп, еңкейген — сол сәтте жарылыс болған», — деп жазады Baza.
Алдын ала мәлімет бойынша, баланың қолы жараланып, бірнеше саусағы жұлынып кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді.
Жарылыс туралы ақпаратты Красногорскідегі спорт клубының жаттықтырушысы «Осторожно, новости» Telegram арнасына растаған. Ер адам залдан шыққанда асфальтта бір қолы қанға бөккен баланы көргенін айтқан. Ол балаға көмек керек пе деп сұраған, сол сәтте жедел жәрдем тобы келіп жеткен. Жаттықтырушы жарылғыш зат туралы ештеңе білмейтінін жеткізді.
