Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин каналдар мен су қоймаларын салуға қатысты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біріншіден, Экология министрлігі бір ай мерзімде 9 су қоймасы мен 120 каналды салу мен реконструкциялаудың, сондай-ақ оларды цифрландырудың жол картасын әзірлесін. Екіншіден, Ауыл шаруашылығы, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, Суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 2025 жылға дейінгі өңірлік жол карталарын бір ай мерзімде әзірлеуді, сондай-ақ, жайылымдардағы гидротехникалық құрылыстарды, құдықтарды жаңғырту бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын», - деді Мамин.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, суды көп қажет ететін дақылдардың егістік жерлерін кезең-кезеңімен азайту мәселесін пысықтауы керек екенін жүктеді.