Жоспарға сәйкес 736 нысанды жекешелендіру тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкімет жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. 736 нысанды жекешелендіру жоспарға енгізілді. Бұл тізім жыл сайын толығып тұрады. Сонымен бірге, оның 40 пайызы биыл сатылуы керек», - деді Ә. Смайылов.
Осы орайда ол бұл бағыттағы жұмыстарға байланысты белсенді шараларды қабылдау керектігін тапсырды.
«Әр нысанды өткізу бойынша жол картасын бекітіп, меморгандар, әкімдіктер және «Самұрық-Қазына» қоры жоспарды дер кезінде орындауына қатысты мониторингті күшейту керек», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.