01 қаң, 2017 сағат 15:49

73 атыраулық Сирия мен Иракта жүр

- Дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшесі болған 73 атыраулық Сирия мен Иракта жүр, олардың арасында әйелдер мен кәмелет жасқа толмаған балалар да бар, деп хабарлады Атырау облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің қорытынды отырысында облыстық ІІБ экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ербол Оңғаров.

«Онда аттанғандардың көпшілігі визасыз режімді пайдаланып, Ресей мен Түркия арқылы кеткен. Құқық қорғау органдарымен бірлесе еңбек етіп, былтыр радикалды топ мүшелеріне 8 қылмыстық іс қозғалды. Жалпы дәстүрлі емес дінді ұстанушыларға қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды. Олардан 476 баспа өнімі тәркіленді. Облыстан діни білім алу үшін 129 атыраулық өзге мемлекеттерге кеткен, оның 94-ы қайтып оралды, 35-і оқуын жалғастыруда», - деді жиналыста Е.Оңғаров. 

ҚазАқпарат