ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметі жарты жылда атқарған жұмысы бойынша есеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы алты айдың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 48 іс қозғалды. Соның 29-ы сотқа жіберілді. Жалпы, Экономикалық тергеулер қызметінің үлесінде шамамен 1,5 мың ауыр және аса ауыр қылмыстық іс болды. Аталған істердің 67 пайызы аяқталды.
«Сол аяқталған істер бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектепті немесе 80 балабақшаны тұрғызуға, немесе 40 ауруxананы салып, оны толығымен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге болатын еді», - дейді профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бастығы Арман Есембаев.
Оның айтуынша, бүгінде 48 млрд теңге қайтарылды. Оған қоса, 24,2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.