Фото: rikatv.kz
Қылмыстық іс бойынша ақталған Ақтөбе әкімінің орынбасары сотта өз құқығын қорғап шығып, 5 миллион теңге алатын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
2020 жылы қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров, коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов және "Табыс" ЖШС-нің үш қызметкері 90 миллион теңгені ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істің фигуранттары болды.
Тергеу мәліметтері бойынша, осы қаражаттың бір бөлігіне Әубәкіровке "Лексус", қызметтік кабинетіне кресло сатып алған. Айыпталушылар кінәсін мойындамады. Сот Досов пен Әубәкіровті 7 жылға бас бостандығынан айырды, тағы үш сотталушы 5-6 жылдан жаза алды. Алайда соңында сотталғандар Жоғарғы сотқа дейін жетіп, ақталып шықты және олардың қылмыс жасамағаны дәлелденді.
Әкімнің ақталған орынбасары сотқа заңсыз қылмыстық соттылықтан зардап шеккені үшін 100 миллион теңгені өндіріп алу туралы шағым түсірген.
Судья Гаухар Оралбай талапкердің пайдасына шешім шығарды, бірақ оның талаптарының мөлшерін едәуір азайтты. Ол Қаржы министрлігін заңсыз үкімнен түскен моральдық шығын үшін Әубәкіровке 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.