04 там, 2021 сағат 20:29

«7-20-25» бағдарламасымен 38,4 мың өтінім мақұлданды – Ұлттық банк


Қазақстанда «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы бойынша 66 мыңға жуық өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 804,4 млрд теңгеге несие алуға 65 913 өтініш қабылданды. Оның ішінде 470,7 млрд теңгеге 38 461 несие мақұлданды», - делінген ҰБ хабарламасында. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар қосымша ақпарат ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қолжетімді.