25 қар, 2022 сағат 13:23

«7-20-25» бағдарламасы жалғасады


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Сенаттың Үкімет сағатында «7-20-25» бағдарламасын жалғастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Үлескерлік тәсілмен салынуы тиіс болған барлық проблемалық үйлердің құрылысы аяқталады.

Апатты жағдайда деп танылған және тозығы жеткен 40 мыңға жуық тұрғын үй иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын алқаптарда инженерлік коммуникациялар салу жалғасатынын атап өтті.

«Ұлттық банктің «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жалғастырылады.

Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шаралар халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған және жұмыс орындарын сақтай отырып, экономиканы, кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізеді», - деді вице-министр.