06 қыр, 2019 сағат 18:25

7-20-25: Бағдарлама аясында 10 306 адамның өтініші мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 10 306 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«30 тамыздағы мәлімет бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қарыз алуға 198 млрд теңге сомасына 17 532 өтініш келіп түскен. Оның ішінде құны 118 млрд теңге болатын 10 306 өтініш мақұлданды» делінген хабарламада.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.