Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде Ұлттық Банк «7 – 20 – 25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын әзірлеуде. Ол көпшілік үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Ұлттық Банк өткен жылдардың неғұрлым сәтті тәжірибесін пайдаланып, Мемлекет басшысы айқындаған талаптармен «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қоспақшы: жылдық 7%-бен 25 жылға, 20% бастапқы жарнамен. Ең бастысы, ипотекалық кредиттерді секьюритилендірудің міндетті тетігімен екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекалық кредиттеудің нарықтық қағидаттарын пайдалану.
Ұлттық Банк «7 – 20 – 25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын іске асырудың төрт негізгі кезеңдерін айқындады.
Бірінші кезеңді іске асырған кезде банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін барынша іске қоса отырып, ипотекалық кредиттердің секьюритилендіру тетігін қалпына келтіру қажет. Ұлттық Банк 100%-дық еншілес арнайы компанияны – Бағдарламаның операторын құру туралы шешім қабылдады. Жаңа компанияның капиталы Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қалыптасады. Капитал компанияға 7-20-25 формуласы бойынша ипотекалық кредиттерді сатып алу рәсімін іске қосу үшін нарықтық талаптармен қаржы нарығынан қаражат тарту үшін қажет. Бұл секьюритилендіру тетігі.
Екінші кезең Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін осы компанияны қаржы агенттігінің тануын білдіреді. Бұл компанияның облигациялары үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға салық салғандай салық салуды білдіреді.
Үшінші кезең тұрғын үй бастамасының жаңа мүмкіндіктері әркімге жеңілдік талаптарын беретін мемлекеттің теңдессіз қадамы болып табылатындығымен сипатталады. Алайда, бағдарлама масылдыққа жол бермеуге тиіс. Бағдарламаның қаржылық жағы болашақ қарыз алушылардың төлем жасау қабілеттілігін талап етеді. Бағдарламаға ресми кірісі бар Қазақстан азаматы қатыса алады. Қазіргі кезде банктермен өлшемшарттар пысықталуда. Тұрғын үй құны әртүрлі болғандықтан, ірі қалалар мен өңірлер бойынша баспана құнын саралау жоққа шығарылмайды.
Төртінші кезең жеңілдік берілген ипотекалық кредиттер толығымен қамтамасыз етілген және түгел қайтарымды болуға тиіс екендігін білдіреді. Соңғы жылдары енгізілген, ипотекалық кредит беруді тартымды етпеген кейбір нормалар қайта қаралды. Ұлттық Банк қажетті заңнамалық түзетулерді Үкіметтің қарауына жіберді.
Аталған өлшемдер алдын ала болуда, әлі мүдделі мемлекеттік органдармен және банктермен талқыланады. Өңірлерде халықты тұрғын үймен қамтуды арттыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың пікірлері мен мүдделерін ескеру де маңызды.