«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ел бойынша 19 мыңға жуық өтінім мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 366,31 млрд теңге сомасына 32 009 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 216,52 млрд теңге сомасына қарыз беруге 18 769 өтінім мақұлданды», - делінген ақпаратта.
Қазақстандықтар «7-20-25» бағдарламасына қатысты «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-ның + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласа алады. Сонымен қатар қосымша ақпаратпен ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында танысуға болады.