Коллаж: Azattyq Ruhy
«Қазақтелеком» АҚ филиалының бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ филиалы бухгалтерінің аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына жолдады.
Ол 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар арқылы 643 млн теңгеден астам сомада ақша ұрлады деп айыпталып отыр" - делінген ведомство хабарламасында.