16 қар, 2022 сағат 14:40

60 мың теңгелік банкнот пайда болғаны рас па - Ұлттық банк пікір білдірді


ҚР Ұлттық банкі Желіде тараған 60 мың теңгелік жаңа купюра көрсетілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Әлеуметтік Желіде "жаңа банкноттың" видеосы бірнеше айдан бері тарап жатыр. Видео авторы бұл ақшаны саудаласқанда сатушы қайтарғанын айтады.

Ұлттық банк баспасөз қызметі өкілдері 60 000 теңгелік жаңа банкнотқа байланысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желіде таралған номиналы 60 000 теңгелік жаңа банкноттың шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жаңа номиналдың шығарылуы ел экономикасының объектив қажеттіліктерімен байланысты болуы керек. Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Сондықтан жаңа жоғары номинал шығару жоспарда жоқ.

Қазір мерейтойлық, естелік банкноттар мен монеталардың жоғары номиналы - 20 000 теңге", - делінген хабарламада.