04 қар, 2021 сағат 12:46

53 қалада кәріз жүйесін жаңартуға жарты триллион теңгеден астам қаржы керек


Елдегі 53 қаланың кәріздік-тазарту жүйесін жетілдіруге 516 млрд теңге керек. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында осындай жоспарды ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ескірген кәріздік–тазарту құрылыстарынан ластаушы заттар шығарындыларын азайту үшін министрлік еліміздің 53 қаласында кәріздік-тазарту құрылысын салу және жаңарту жобаларын қолға алды.

Осы 53 жобаның барлығын іске асыру үшін, алдын ала есеп бойынша, шамамен 516 млрд теңге керек», - деген Қайырбек Өскенбаев мұның бәрі Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасынан туындайтынын еске салды.

«2022 жылы 11 жобаны бастау жоспарланған. 2023 жылы – 12 жоба, 2024 жылы – 13 жоба, 2025 жылы 17 жоба іске асады. 

Асқар Ұзақбайұлы, аталған шараларды іске асыру елдегі экологиялық жағдайға жағымды әсер етеді және министрлік жетекшілік ететін салаларда жасыл технологияларды тереңдетуге демеу болады. 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі стратегиялық міндетті іске асыруға ықпал етеді», - деді ведомство өкілі.