Түрікменстаннан 490 этникалық қазақ кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Turkmen.news сайтына сілтеме жасап.
"2 маусымда Түрікмен темір жолдары Түрікменстанның 490 азаматын – этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға шығарап салады. Шешімді 11 мамырда Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша Аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссия қабылдады", - делінген хабарламада.
Жолаушыларды жөнелту үшін Түркменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ бағыты бойынша пойыз ұйымдастырылады. Болашақта түрікмен локомотиві қазақстандық локомотивке ауысады, жолаушылар келесі станцияға – Жаңаөзенге жеткізіледі. Сол жерден шығарып салушы құрам Түрікменстанға оралады.