03 шіл, 2022 сағат 11:16

50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор


Елордада журналист және блогер Махамбет Абжан 50 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды", - делінген Антикор хабарламасында.

Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.