10 там, 2022 сағат 13:36

5 жасар қыздың жоғалуы: іздестіру тыныштық режимінде жалғасады


Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар Мадина Ерланқызын іздеу шараларының тактикасы мамандар ұсынысымен өзгерді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қостанай облысы Полиция департаменті баланың ерекшеліктерін ескере отырып, іздестіру тыныштық режимінде жүргізіліп жатқанын айтты. Аумақты тінту бағыты да өзгерді. Бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды. Таңертең 4 бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды", - делінген хабарламада.

Еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ, Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау, арнайы органдар қызметкерлері іздеуді жалғастырып жатыр.