Қарағандыда 5 наурызда жоғалып кеткен 27 жастағы Анастасия Шевякова табылды. Ол пышақ жарақаттарымен ағаш отырғызу алқабында жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің мәйіті 27 наурызда таңертең табылған.
"27 наурызда пышақ жарақатымен 27 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, ол хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сондай-ақ, ведомстводағылар күдікті кінәсін мойындағанын айтты. Оның сөзінше, 5 наурызда ол Анастасиямен сөзге келіп қалған. Сөйтіп үйде оған пышақ сұғып алып, қылмыс ізін жарысу үшін денесін ағаштардың арасына көміп кеткен.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.