Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру үлесін арттыру аясында 5 мың тұрғынға 1 мобильді бригада жасақталады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елімізде амбулаториялық деңгейдегі консультациялық-диагностикалық қызметтер көлемін 1,5 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттырып, халықтың денсаулық сақтауға өз қалтасынан жұмсайтын шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведмоство басшысы Ажар Ғиният осындай мәлімет берді.
«Біз медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру үлесін 2025 жылға дейін жалпы саланы қаржыландыруға жұмсайтын қаражаттың 60%-ына дейін жеткізуге күш саламыз. Қазірдің өзінде осы көрсеткішті 54%-ға дейін жеткізе отырып, осы мақсатқа қол жеткізуге барынша жақындадық. Бұл бізге МСАК-тың профилактикалық бағытын ұлғайтуға мүмкіндік берді», - деді Ажар Ғиният.
Оның айтуынша, осының арқасында 5 мың тұрғынға 1 мобильді бригада жасақталады.
«Олардың республика бойынша жалпы саны 3,6 мыңнан асады. 2021 жылы мобильді бригадалар шамамен 3 млн қызмет көрсетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 есеге артық. Сондай-ақ, созылмалы инфекциялық аураға жатпайтын артериялық гипертензияға, қант диабетіне және созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруларды басқару бағдарламасымның дерегі бойынша, Қазақстанда 5 695 МСАК ұйымы бар.Қалаларда – 501, ауылдарда – 5 194.