25 қаң, 2018 сағат 08:30

49 жастағы әйел Астана автобусында көз жұмды

Астанада автобус салонында әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT-ға сілтеме жасап.

«24 қаңтар күні  №48 автобус салонында 1969 жылы туған әйел адам көз жұмды. Дәрігерлердің алдын ала берген ақпараттарына қарағанда, ол жүрек талмасынан қайтыс болған», - деп жазады Астана LRT-ның Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Науат Азанбаеваның сөзіне қарағанда, әйел автобусқа сағат 19:00 «Артем» базарынан Орбита шағын ауданына қатынайтын бағытқа отырған. Жолаушының аяқ астынан жүрегі қысылған, жедел медициналық көмек шақырылды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің сағат 19:08-да көз жұмғанын анықтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.