12 сәу, 2022 сағат 14:09

48 ресейлік пен 10 украиналық елордада тұруға өтініш берген


Биыл елорда аумағында тұруға 48 Ресей азаматы және 10 Украина азаматы (3 отбасы) «босқын» мәртебесін алуға өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басталғалы 48 Ресей азаматы елорда аумағында тұруға өтініш білдірді. Ал Украина бойынша биылдыққа 10 азамат (3 отбасы) «босқын» мәртебесін алуға ниет танытты. Одан бөлек 2 ауған, 2 ҚХР азаматы «босқын» мәртебесін сұрап отыр. Олардың өтініші ҚР көші-қон туралы заңы аясында қаралады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, өтініш берген шетел азаматтарының осында туыстары бар. 

«Осы тұста ескеретін жайт, оларға Қазақстанның азаматтығы берілейін деп жатқан жоқ. Осыны шатастырмаған жоқ. Өтінім берушілер Қазақстанға уақытша тұруға және «босқын» мәртебесін беруді сұрап отыр. Ал азаматтық алу үшін біздің елде кемінде 5 жыл тұруы керек», - дейді ол.