Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева 42 500 теңге кімдерге берілмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басқарма басшысының айтуынша, 471 мың адамның өтініші қанағаттандырылмады.
«Төлемдерді тағайындаудан бас тартудың бірқатар себептері бар. Өтініш бергендердің 68%-ының Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдардың/бірыңғай жиынтық төлем/ міндетті зейнетақы жарналарының болмаған. 5,8%-ының әлеуметтік төлемдерін мемлекетке тиесілі кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және органдар төлейтіні анықталды. 20 %-ының мемлекет тарапынан жәрдемақы алушылар болып шықты. 6%-ы 2 жерде жұмыс істейтіні анықталды. 0,2%-ы Қазақстан Республикасы территориясынан шыққандар болып шықты. Сонымен қатар, өтініш беруші қайтыс болғаны анықталды. Қалғаны өтінішті қате толтырғандықтан төлем төлеуден бас тартылды», - деді Рахат Шимашева онлайн брифинг барысында.
ҚР Еңбек министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №110 Бұйрығы бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережелеріне сәйкес Басқарма қабылдаған құжаттар штабпен өңделіп, Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі. Содан кейін төлем жүргізу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жіберіледі.
Бұған дейін Алматыда қанша адам 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алғанын хабарлаған болатынбыз.