16 сәу, 2020 сағат 10:28

406 мың дана масканы Қазақстаннан Ресейге алып бара жатқан жүргізуші ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 406 мың дана масканы Қазақстаннан Ресейге алып бара жатқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029-әскери бөлімі командирінің орынбасары Асқар Қазбековтің мәлім еткеніндей, оқиға 15 сәуір күні сағат 20.00-де «Сырым» автоөткелінде тіркелді.

Қазақстандық азамат айдап бара жатқан «ДАФ» жүк көлігін тексерген кезде бір рет қолданылатын 406 мың дана маска табылды.

Оның бастапқы құны – 36,108 млн теңге. 

Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын сыртқа әкетуге тыйым салынғаны белгілі. 

Материал БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді.