01 там, 2022 сағат 11:09

4 млрд теңгенің мұнай өнімдері заңсыз саудаланған


Қаржы мониторингі агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мұнай өнімдерін шетелге экспорттау схемаларының жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері ҚМА 4 миллиард теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегі бойынша 35 қылмыстық іс қозғаған.

"Бұл деректер бойынша соталды тергеу аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды", - делінген хабарламада.