28 сәу, 2022 сағат 16:38

4%-бен көлікті қай банктер арқылы алуға болады?


ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков 4 пайызбен көлік алу бағдарламасына сұраныс өте жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«4 пайыздық көлікке деген сұраныстың көптігіне байланысты екінші деңгейді банктер жаңа өтінімдерді қабылдап жатыр. Алайда көліктердің «босау» мөлшеріне қарай береді. Сол себепті қазіргі уақытта бағдарламаға деген сұраныс артып кетті. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Олар: Халық банк, Еуразия банкі, Жусан банк, Банк Центр кредит және Форте банк», - деді Олжас Сапарбеков ОКҚ алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі 15 сәуірде қаулы шығарып, автонесиелеудің жаңа бағдардамасын жариялаған. Оған 100 млрд теңге бөлінеді. Одан бөлек автобус парктерін жаңартуға лизингті қаржыландыруға 30 млрд теңге аударылады.

«Негізгі шарттар: шамамен 10 млн теңге тұратын көлік үшін 2 жыл көлемінде бір өтінім беруші бір рет қаржыландырылады. Қаржыландыру мерзімі – 7 жыл. Алғашқы жарна 0 пайыз. Көлік құралының бағасы 15 млн теңгеден асып кетпеуі керек. Бағдарламаға бұрын да өтінім берген азаматтар қатыса алады. Кезек электронды түрде жүргізіледі», - деді ол.