19 там, 2024 сағат 14:59

"4 адам тірідей жанып кетті": Желі қолданушысы Alphard автокөлігінде жиі апат болып жатқанын айтты


Фото:toyota-club.net

Tiltok желісіндегі alphard.atyrau парақшасында желі қолданушысы Toyota Alphard автокөлігімен болатын апат жиілегенін айтып, елді "Alphard" маркалы көлік мінбеуге шақырды.

"Барлықтарыңыз Жамбыл облысында болған жағдайды көріп отырған шығарсыздар.Оның алдында да Қордай жақта осындай жағдай болды. Бүткіл жерде Альфард, Альфард... Қазақстанда Альфардтан басқа машина қалмаған ба? Альфард жүргізушілерінің көбісі такси жүргізушілері. Сондықтан мен сіздерге айтамын, Альфард автокөліктеріне мінбеңіздер. Міне, түндегі сұмдық жағдайда Альфардтың ішінде 4 адам тірідей жанып кетті, екі ГАИ қызметкері қайтыс болды. Спидомертлері 90-да қатып қалған. Олар потрульмен келе жатқан. Егер ГАИ-ге қарсы бетке шыққан Альфард болса, ертең сіздің алдыңыздан шыға салмайтынына гарантия жоқ. Неге? Себебі машина рөлінде отыратын 1999 жылғы 2004 жылғы балалар фараны "өлтіріп тұрып" салып аласыздар. Трассаға тыржың-тыржың етіп, жыпылық-жыпылық етіп шыға бересіңдер. Сіздерден басқа ешкімде фара жоқ. Оны баяғыда да мойындаттық қой. Енді ішкі істер қызметкерлері қолдарына алатын шығар, мыналардың фараларын шешіп алып... Тағы бір лайфхак айта кетейін, Еуропа елінде көліктерге жүк көлігі болсын, жеңіл көлік болсын, оларға тахограф қойылады. Сіздерге де тахограф қойылуы керек, Альфард жүргізушілері! Сіздер де чип-картамен заңды бұзбай айдауларыңыз керек. Әр жолдан келгент сайын ГАИ қызметкерлері сіздердің жылдамдықтарыңызды, құжаттарыңызды тексеруі керек.  Альфард таксиіне мінбеңіздер. Бар болыңыздар, аман болыңыздар!, -деді желі қолданушысы.

Тағы да оқыңыз: Альфард жүргізушісі 11 баланы жетім қалдырды