Метеорологтар 31 желтоқсанда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Республиканың батысынан ауысып келген циклонның ықпалы солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сақталады. Сондықтан, Жаңа жыл алдында аяздар басылып, қар жауып, бұрқасын соғады», - деп хабарлады Қазгидромет ҚазАқпарат тілшісіне.
Соған қарамастан, түнде ауа температурасы минус 10-15 градус және күндіз минус 3-10 арасында болады. «Қазақстанның батысында кезекті антициклонның ықпалынан түнде 15-25 градус аяз болады.
Оңтүстік және оңтүстік шығыста жауын-шашын болып, түнде және таңертең тұман түседі және көктайғақ болады. Температура түнде 2-13 аяз, күндіз 3-5 болуы ықтимал», - деді гидрометорталық өкілдері.