Фото:bilimdinews.kz алынды
Бастапқы кезеңінде 300 мұғалім мен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттыруда. Биыл 31 желтоқсанда аяқталатын курстар алты айға жоспарланған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі, олар әрі қарай оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқыта алады.«Пилоттық мектептердің білім алушылары бағдарламалау негіздері бойынша биыл шілде-желтоқсан аралығында онлайн режимде «No Code», «Low Code» және «Startup Academy» курстарынан және офлайн 2025 жылдың қаңтарынан бастап бағдарламалау негіздері бойынша оқиды. Қазір Astana Hub платформасында білім алушыларды онлайн тіркеу жүріп жатыр. Әр оқушыға құпия сөз бен логин беріледі, оның көмегімен олар модульдерді игеріп, тапсырмаларды орындап, тестілеуден өте алады. Барлық модульдерден сәтті өткен білім алушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі, бұл IT-өнімдерді жасауға мүмкіндік беретін болады», – деп атап өтті Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Гүлнар Таласбаева.
Айта кету керек, оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта оқи алады. Әр сабақта бейнедәріс, қосымша материалдар және тест тапсырмалары бар. Сондай-ақ қатысушылар пилоттық жоба үйлестірушілерінен көмек сұрай алады. Пилоттық жоба барлығы 27 мыңнан астам оқушыны қамтиды.
Белгілі журналист Оңғар Қабден дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету керектігін алға тартады.
Мысалы биыл көптеген дарынды оқушылармыз Қазақстанның атын шығарды. Шетелде өткен беделді пән олимпиадаларынан бірнеше дарынды баламыз алтын-күміс, қола жүлдемен оралды.
Одан бөлек, Халықаралық 3 ғылыми конкурсқа қатысқан жеңімпаз оқушыларымыз бар.
Бұның бәрі “Ғылымдағы балалар” атты керемет жобаның авторы-жетекшісі, саясаттану ғылымдары бойынша PHD Ләззат Құсайынова ханымның және «Алматы-Дарыны» орталығы мен Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейінің үлкен еңбегінің нәтижесі.