Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Түркіменстанның жаңа «әуе қақпасының» ашылғанына бір апта өтпестен, мемлекеттік баспа әуежайға арнап кітап шығарып үлгерді. Бұл жолы кітаптың авторы президент емес.
Түркіменстанның мемлекеттік баспа қызметінің шығарған кітабының атауы «Ашхабадтың халықаралық әуежайы» деп аталады. Бұл кітап ашылуы 17 қыркүйекте болған жаңа әуежайға арналған.
Кітаптың алғашқы беті «Алыстан көз тартатын құстың алып бейнесі жерден көкке ұшуға міне-міне дайын» деген сөздерден басталады.
Бұл кітапта әуежайдың қалай салынғаны, ондағы қауіпсіздік шаралары, жолаушыларға қызмет көрсетілуі бәрі егжей-тегжейлі жазылған.
Кітап үш тілде – түркімен, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрген.
centralasian.org