05 қар, 2021 сағат 16:18

2025 жылы жаңартылатын энергия көздерінен 2 400 МВт қуат алынады - ҰЭМ


2025 жылы жаңартылатын энергия көздерінен 2 400 МВт қуат алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспас мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің атап өтуінше, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының төртінші бағыты экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында энергетикалық кешенді жаңғыртуды көздейді. 

«2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту есебінен 5 404 МВт қосымша қуатты, оның ішінде 2 400 МВт жаңартылатын энергия көздері қуатын, 1 400 МВт бу-газ қондырғыларын және 1 604 МВт іске қосу жоспарланған», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Батыс Қазақстан, Манғыстау және Атырау облыстары арасында электр жеткізу желісінің екінші тізбегін (220 кВ) салу жоспарлануда.

«Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының үлесі 6 пайызға жетеді. Жобаларды іске қосу экономиканың электр энергиясына қажеттілігін 120 млрд кВт/сағатқа дейін өтейді», - деді министр.